Еліміз жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алтын медаль ұтып алды
Жеңіл атлетикадан XXV Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына 2 медаль түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК хабарлауынша, Таиланд астанасы Бангкокта жеңіл атлетикадан XXV Азия чемпионатында қазақстандықтар жақсы нәтиже көрсетіп жатыр.
Биіктікке секіруден Ұлттық құрама спортшысы Кристина Овчинникова чемпион атанса, Елизавета Матвеева күміс жүлдеге ие болды. Екі қазақстандық атлет 1,86 метрге қарғыған, - делінген хабарламада.
Кристина алғаш болып осы көрсеткішті тіркегендіктен бас жүлдені алды. Қола медаль өзбекстандық Светлана Радзивилге бұйырды (1,83 м).
Қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміспен жалпы есепте 4-орында тұр, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Аңсаған сәби» бағдарламасымен екі үшем қатар дүниеге келді
Өзгелердің жаңалығы