Еліміз жасөспірімдері теннистен іріктеу турнирінің ширек финалына шықты
Шымкентте 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдері ширек финалға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандықтар D тобында екінші кездесуін Тайбэй құрамасымен өткізді.
Алдымен Заңғар Нұрланұлы Ванг Чунды 6:2, 6:2 есебімен ұтты.
Содан кейін Әмір Омарханов Жу Фенгтің меселін қайырды – 6:4, 6:0.
Жұптық сында Әмір Омарханов пен Дамир Жалғасбай қарсыластарының осал тұсын тапты – 6:3, 6:4.
Осылайша, 3:0 есебімен жеңіске жеткен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды.
Ертең Өзбекстанмен өтетін матчта топта кімнің бірінші орын алатыны шешіледі. Ширек финал жеребесі 10 мамыр күні кешкісін тартылады.
Әлем чемпионатына Азия – Тынық мұхит аймағынан тек төрт команда жолдама алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында бір отбасының бес адамы қайтыс болды
Өзгелердің жаңалығы