Еліміз жапон кәсіпкерлеріне жаңа инвестициялық мүмкіндіктер ұсына алады

2023 жылы Қазақстанға жапон инвестицияларының көлемі жаңартылатын энергетика мен қаржы технологияларына баса назар аудара отырып, 400 млн долларға жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ержан Елекеев атап өткендей, жапондық компаниялар Қазақстандағы жаңа мүмкіндіктерді қарастыруда. Мұнай-газ жабдықтарын локализациялауға ерекше назар аударылады.

Жапон компаниялары дәстүрлі түрде мұнай-газ жабдықтарын өндіру саласында көшбасшы саналады, сондықтан біз бүгін жапондық әріптестерімізбен осы мүмкіндікті талқыладық, локализациялау жөніндегі жоспарымыз туралы әңгімелестік. Менің ойымша, біз жақын арада нақты келісімдерге көз жеткіземіз, - деді Ержан Елекеев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы 2,1 млрд долларға жеткені туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы