Ел тұрғындарының 20 пайызға жуығы экологиялық жағдайға қанағаттанбайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қазақстандықтардың тұрғылықты жеріндегі экологиялық жағдайы туралы пікірлерін ұсынды.

Сауалнама нәтижелері бойынша, респонденттердің 64,1%-ы тұрғылықты жеріндегі экологиялық жағдайға қанағаттанса, 24,0%-ы бұл жағдайға толық қанағаттанатынын айтты. 

Ал сауалнамаға қатысқандардың шамамен әрбір бесіншісі (19,1%) тұрғылықты жеріндегі экологиялық жағдайы мүлде қанағаттандырмайтынын мәлімдеді. 

Сонымен бірге1-суреттегі мәліметтерден көрініп тұрғандай, қоршаған ортаға қанағаттанатындардың үлесі ауылдық жерлерде әлдеқайда көп, ал қала тұрғындары керісінше, қоршаған ортаның экологиялық жағдайы қанағаттандырмайтынын жиі айтады.

Респонденттердің 37,3%-ы экологиялық қауіптен қорғалғанын сезінетіндіктерін айтты. Экологиялық қауіпті сезінетіндердің үлесі жоғары және барлық қатысушының 54,5%-на тең. Қоршаған ортаға мүлдем қанағаттанбаған респонденттердің 19,2%-ы ешқандай экологиялық қауіптен қорғалмағанын мәлімдеді.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінің дәстүрлерінің бірі - белгілі бір мереке тақырыбын иемдену. Мерекенің соңғы екі жылының тақырыптары - пластикалық ластану және ауаның ластануымен күресу. 

2021 жылдың тақырыбы - 2030 жылға дейін жоспарланған Экожүйені қалпына келтіру. Экожүйені қалпына келтірудің он жылдығы - табиғат үшін де, адамзат үшін де бүкіл әлемдегі бүлінген экожүйелерді сақтауға және қалпына келтіруге шақыру. 

Салауатты орта ғана бізді лайықты өмір сүру деңгейімен қамтамасыз ете алады, климаттың өзгеруіне және биоалуантүрліліктің жоғалуына жол бермейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы