Еліміз трансшекаралық өзендерге тәуелді - министр

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов брифинг барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, көршілес елдермен су ынтымақтастығы экономика салаларын сумен қамтамасыз етуге және табиғи нысандарды сақтауға шешуші фактор.

Сондай-ақ, министр трансшекаралық контекстке тәуелді аймақтар оңтүстік бағытта орналасқанын атап өтті.

Орталық Азия елдерімен су ресурстарын өзара тиімді басқарудың су-энергетикалық механизмін әзірлеу бойынша жұмыс жалғасуда.

Осы жылдың 14-15 қыркүйегінде Душанбе қаласында өткен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшылары-Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев консорциум құру арқылы Орталық Азиядағы су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану үшін ұзақ мерзімді және тұрақты аймақтық ынтымақтастық механизмін құру бастамасын білдірді. Орталық Азиядағы су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану үшін ұзақ мерзімді және тұрақты аймақтық ынтымақтастық механизмін құру бастамасын жүзеге асыруға министрлік бар күш-жігерін салатынын атап өткім келеді,- деді министр. 

Айта кетейік, Президент Жолдауда Ұлттық гидрогеологиялық қызметті жетілдіруді тапсырған болатын. Министрлік осы бағыт бойынша жұмыстарды бастады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы