Еліміз су тасқынынан қанша млрд шығынға батты? – Бозымбаевтың жауабы

Көктемгі су тасқынынан алдын ала деректер бойынша, шамамен 300 млрд теңге шығын келген. Бұл туралы үкіметтегі брифинг кезінде премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Алдын ала есептеулерге сүйенсек, су тасқынынан келген шығын 300 млрд теңгеден асады. Бұл нақты сан емес. Әлі бөгеттер, жолдар, құбырлар қалпына келіп жатыр. Содан кейін нақты әрі толық есепті береміз, - деді вице-премьер.

Қанат Бозымбаев су тасқынын жоюға бюджеттен 137 миллиард теңгеге бөлінгенін атап өтті. Оның айтуынша, республикалық бюджеттен 47,8 миллиард теңге, ал жергілікті бюджеттен 88 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.
Зардап шеккен жеке тұлғаларға, шағын және орта бизнес субъектілеріне, фермерлерге өтемақы төлеуге шамамен 36 млрд теңге жұмсалған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы