Еліміз су тасқынына дайын емес - Төтенше жағдайлар министрі
Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин еліміздің су тасқынына дайын емес екенін айтты. Айтуынша, әкімдіктер бұл мәселені ресми түрде ғана қарап отыр, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда су тасқынына толық дайындық туралы айту мүмкін емес.(...) 255 елді мекенді су басу қаупі төніп тұр. Онда 127 мыңнан астам үй мен 700 мыңнан астам азамат тұрады. Былтыр болған барлық су тасқынын талдап, су басудың негізгі себептері өзен арналарының толып кетуі мен шөгуі, дренаж-арық жүйелерінің болмауы, су қорғау белдеулерінде үй салу екенін көрсетті, - деді министр.
Министрдің атап өтуінше, тәуекел деңгейі жоғары өңірлер қатарына Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Абай, Жетісу облыстары кіреді.
Әлихан Асханұлы, су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалу барысы туралы баяндағым келеді. Мұнда кейбір өңірлерде әлі де формальды көзқарас сақталған. Үкімет отырысының қорытындысына қарамастан, әкімдіктер барлық жол картасының орындалуын қамтамасыз етпеген. Бүгінгі таңда 68 іс-шараның 15,6 миллиард теңгесіне 41 іс-шараны іске асыру аяқталған жоқ. Бұған жергілікті бюджеттен қаражаттың бөлінбеуі немесе уақтылы бөлінбеуі ықпал етті, - деп мәлімдеді Ильин.