Еліміз шегірткеден зардап шеге ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс шегірткеге қарсы күрес бойынша дайындық жұмыстары туралы айтып берді.
2020 жылы шекара маңындағы облыстарда үйірлі шегірткелер бойынша 19,6 млн гектар алаңда, саяқ шегірткелер бойынша – 1,2 млн гектар алқапта зерттеулер жүргізілетін болады. Оның ішінде Ақтөбе облысында үйірлі шегірткелер бойынша – 4,03 млн гектар, саяқ шегірткелер бойынша - 0,17 млн гектар және Батыс Қазақстан облысында жоспар бойынша үйірлі шегірткеге - 4,27 млн гектар саяқ шегірткеге – 0,33 млн гектар. Жалпы, шегірткелерге қарсы күрес мәселесі ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында, - деді спикер.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта марокка шегірткесіне қарсы химиялық іс-шаралар Жамбыл және Түркістан облыстарында аяқталғандығын атап өтті.
2020 жылғы 28 мамырдағы жағдай бойынша 1 684,7 мың гектар зерттелді. Зерттеу және өңдеу жұмыстары жалғасуда, - деді Алмабек Марс.Оның айтуынша, қазіргі уақытта Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Павлодар облыстарында итальяндық прусқа қарсы қорғау шараларын өткізуге кіріскен.
2020 жылғы 28 мамырдағы жағдай бойынша 1 276,74 мың га зерттелген. Басқа аймақтарда шегіртке зиянкестерінің таралу ошақтарының анықталуына қарай химиялық өңдеу басталады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Африка соңғы 25 жылдағы ең ірі шегірткенің көшуін бастан кешкенін атап өту қажет. БҰҰ-да жәндіктердің белсенділігі егін мен жануарлардың өлуіне және көптеген елдерде жаппай аштыққа әкеледі деп қауіптенеді, - деді комитет төрағасы.Сонымен қатар, Алмабек Марс осы жылы шегірткелердің бұрын-соңды болмаған шабуылын Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан және оңтүстік-шығыс Азияның басқа елдері бастан кешіп жатқанын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы