Еліміздің өндірушілері Шанхай импорттық көрмесіне қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шанхайда 4-ші Қытай халықаралық импорт көрмесі басталады. Ол үш блоктан тұрады: Ұлттық көрме, коммерциялық көрме, «Хунцяо» халықаралық сауда-экономикалық форумы. 

Биылғы жылы көрме гибридтік форматта өтеді, онда өнім үлгілерін нақты түрінде орналастыру және кәсіпорындардың қашықтықтан қатысуы көзделеді.

Қазақстан 2018 жылдан бастап жыл сайын КХИК коммерциялық және Ұлттық көрмелеріне қатысуда.

Қазақстанның 4-ші Қытай халықаралық импорт көрмесіне қатысуының ұйымдастырушысы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ болып табылады. ҚР бизнесінің КХИК-ке қатысуы экспорттаушыларды сервистік қолдау шеңберінде қамтамасыз етіледі.

Биыл ҚР-дың виртуалды ұлттық павильонында Қазақстанның экономикалық, мәдени және инвестициялық әлеуетінің тұсаукесері өтеді.

Қазіргі уақытта ауданы 1,5 млн шаршы метрді құрайтын National Exhibition and Convention Center көрме кешенінде Қазақстан Республикасының коммерциялық павильонын орнату аяқталуда.

Қазақстандық коммерциялық павильонда АӨК саласында жұмыс істейтін 26 қазақстандық кәсіпорынның өнімдері мен экспорттық әлеуеті ұсынылады. Барлық кәсіпорындарға келіссөздердің арнайы бөлмелерінде В2В ықтимал қытайлық серіктестермен Қытай және ағылшын тілдерінде офлайн және онлайн режимдерде келіссөздер жүргізу мүмкіндігі беріледі.

Көрме қорытындысы бойынша соя, жүгері, арпа, зығыр тұқымы, рапс майы, күнбағыс майы, күнбағыс майы, бидай кебек түйіршіктері, сиыр еті, құрғақ бие сүті және т.б. жеткізу үшін шамамен 100 млн АҚШ долл.сомасындағы келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.

Шанхай қаласындағы Қытай халықаралық импорт көрмесі Қытай Халық Республикасының (бұдан әрі - ҚХР) Бас хатшысы Си Цзиньпиннің бастамасы бойынша 2018 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. Көрмеге 150 елден 3700-ге жуық компания, сондай-ақ 300 мыңнан астам қытайлық кәсіби сатып алушы қатысады.

Қазақстан алғаш рет КХИК-ке 2018 жылы қатысты. Көрмеге 17 компания қатысты. 2019 жылы Қазақстан ұлттық және коммерциялық павильондарда таныстырылды. Көрмеге 30 қазақстандық тауар өндіруші қатысты. 2020 жылы санитарлық шектеулерге байланысты 35 қазақстандық тауар өндіруші көрмеге қашықтық форматында қатысты. Жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 135 млн. АҚШ далларынан астам соманы құрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы