Еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет ауа райының бұзылуына байланысты 14 шілде күні бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Атырау облысында кей жерлерде түнде найзағай жарқылдап, күндіз шаңды дауыл соғады. Кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысында және Талдықорған қаласында солтүстік-шығыстан күшті жел тұрады. Жел жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркірейді, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Осы күні Орал қаласында оңтүстік-шығыстан күшті жел тұрады. Жел қарқыны - 18 м/с.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сыр елі тағы бір журналисінен айырылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы