Еліміз нан, ұн және макаронмен толық қамтылады – АШМ

Бұл туралы Мәжілісте Аграрлық мәселелер комитетінің кеңейтілген отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан азық-түлік бойынша күтілетін көлем елді нан, ұн және макарон өнімдерімен толық қамтамасыз етуге жеткілікті болады. Бұл жерде маусым басталғанда былтырғы түсімнен қалған үлкен көлемдегі өтпелі астықтың болғанын естеріңізге сала кеткім келеді, - деді вице-министр.

Оның айтуынша, былтырдан қалған астықтың сапасы да жоғары.

Түсімнің төмендеуіне байланысты экспорттық әлеует төмендейді. Бірақ біз экспортқа бағыттауды жоспарлап отырған астық көлемі дәстүрлі экспорттық нарықтардағы позицияларымызды ұстап тұру үшін де жеткілікті болады. Ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі бидай бойынша ғана емес, сонымен бірге күнбағыс, картоп, көкөністер, күріш және басқа да әлеуметтік маңызы бар дақыдар бойынша сақталады, - деп айтты Әбілхайыр Тамабек Мәжілісте.

АШМ басшысы ОКҚ-да өткен брифингте биыл 16 млн тонно астық жиналатынын хабарлаған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы