Еліміз маусымның соңына дейін мұнай өндіруді ерікті түрде қысқартады
Еліміз ОПЕК+-ке қатысушы кейбір елдермен үйлесе отырып, 2024 жылдың екінші тоқсанына өндірісті күніне 82 мың баррельге қосымша ерікті қысқартуды ұзартады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Энергетика министрлігінің мәліметіне сәйкес, осылайша, 2024 жылдың маусым айының соңына дейін Қазақстанда өндіру тәулігіне 1468 баррельді құрайды. Болашақта нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында өндірістің бұл қосымша көлемі нарықтық жағдайға байланысты біртіндеп қайтарылатын болады.
Бұл ерікті қысқартуды Қазақстан бұрын 2023 жылдың сәуірінде жариялаған. 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін созылатын өндірісті күніне 78 баррельге өз еркімен қысқартуға қосымша болып саналады.
Бұл қосымша ерікті қысқарту мұнай нарықтарының тұрақтылығы мен тепе-теңдігін сақтау мақсатында ОПЕК+ елдерінің сақтық шараларын күшейтуге арналған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы