Еліміз инфекционистерінің II конгресі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада аралас форматта (онлайн және офлайн режим) «Жаһандану жағдайындағы Инфекциялық аурулар: сын-қатерлер мен шешімдер» атты инфекционистердің II Қазақстандық конгресі өтеді.
Конгрестің ұйымдастырушылары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Денсаулық сақтау ұйымының ұлттық орталығы, «Астана медицина университеті» КЕАҚ, «Инфекционист дәрігерлер қоғамы» өңірлік қоғамдық бірлестігі.
Конгрестің күн тәртібінде медицина мен денсаулық сақтаудағы жалпы жаһандық ауқымды проблемалар аясында біздің мемлекет үшін ең өзекті және басым мәселелерді талқылау. Атап айтқанда, COVID-19 эпидемиологиясы және диагностикасы, вакцинопрофилактика: қауіпсіздік және тиімділік мәселелері, COVID-19 пульмонологиялық проблемалары, жүрек-қан тамырлары аурулары және COVID-19, SARS - CoV-2-мен уақытша байланысты мультиқоздырғыш синдромы, балалар мен жүкті әйелдердегі COVID-19 мәселелері, постковидтік синдромды оңалту мәселелері, инфекциялық аурулар кезіндегі қарқынды және шұғыл терапия және т.б. сияқты мәселелерді талқылау жоспарлануда.
Конгреске ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Парламент депутаттары, ҚР Денсаулық сақтау министрі мен вице-министрлері, жақын және алыс шетелдердің жетекші ғалымдары мен дәрігерлері, ғылыми қоғамдастық өкілдері, халықаралық сарапшылар, денсаулық сақтау саласының тәжірибелі дәрігерлері мен ұйымдастырушылары қатысады.