Әлемде індеттен қайтыс болғандар бойынша 102-орында тұрмыз – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, республикамыз өлім-жітім деңгейі бойынша 222 елдің ішінде 102-орында тұр.

Әлемдік рейтингте 1 млн тұрғынға шаққанда Қазақстан сырқаттанушылық бойынша 108-орында. Ал өлім-жітім бойынша 222 ел ішінде 102-орында тұр, – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар елде соңғы екі аптада сырқаттанушылық 28%-ға төмендегенін алға тартты.

Емдеуді жалғастырушылар санының азаюы бойынша оң қарқын байқалып отыр. Соңғы үш айда науқастар саны 3,7 есеге төмендеді. Атап айтқанда, 84 268 науқастан 22 353 науқасқа дейін азайды, – деді Денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алексей Цой әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы