Еліміз Хорватиямен өзара серіктестікті нығайтады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Хорватияның Қазақстандағы елшісі Рефик Шабанович сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударып, екіжақты күн тәртібінің барлық спектрі бойынша "сағаттарын теңестірді",  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екіжақты қарым-қатынастар тарихында бірінші рет биыл қаңтарда өткен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК тең төрағалары ҚР Ұлттық экономика министрлігі және Хорватияның Экономика және тұрақты даму министрлігі болып табылады) бірінші отырысы екіжақты тауар айналымының ұлғаюын қамтамасыз етіп, энергетика, көлік пен логистика, ауыл шаруашылығы, туризм және денсаулық сақтау сияқты салалардағы өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға негіз қалады, – деп атап өтті Р.Василенко.

Іс-шаралар кестесін қарастыра отырып, тараптар  25 сәуірде Загребте жоспарланған Қазақстан-Хорватия Іскерлік кеңес отырысының тұсау кесері және бизнес-форумға дайындық барысын талқылады. Аталған іс-шаралар екі елдің кәсіпкерлері мен инвесторлары үшін өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе және идеялармен алмасуға, ынтымақтастықтың жаңа жолдарын табуға бірегей алаң береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы