Еліміз гепатитпен күресте Орта Азияда көш бастап тұр - бас гепатолог

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы еліміздің гепатологтары мен гастроэнтерологтарының V Ұлттық конгресінде ДСМ бас штаттан тыс гастроэнтеролог-гепатолог дәрігері Күлпаш Қалиасқарова мәлімдеді. 

Әлемдік статистика көрсетіп отырғандай, халық арасында бауыр ауруының таралуы өлім-жітім себептерінің ондығына кіреді. Оның ішінде, асқазан-ішек жолдары ауруларының құрылымында бауыр ауруларынан адамдар көп қайтыс болады. Атап айтсақ, цирроз бірінші орында тұр. Бауыр циррозына вирустық гепатит, бауырдың алкоголдік және алкоголдік емес маймен зақымдануы, сондай-ақ аутоиммунды және метаболизмдік аурулар себеп болады, - деп атап өтті штаттан тыс гастроэнтеролог-гепатолог.

Айтуынша, ДДСҰ қолға алған шаралар алдағы он жыл ішінде жер бетінде гепатитті айтарлықтай азайтады. 

ДДСҰ-ның С вирустық гепатитін жою бойынша жаһандық бағдарламасы 2030 жылға қарай әлемде гепатиттің аталған түрін 90%-ға дейін азайтуы тиіс. Қазақстан Орта Азия мен ТМД кеңістігінде вирустық гепатитпен күресте көш бастап тұр. Біздің барлық пациенттеріміз тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлемі арқылы вирусқа қарсы препараттармен қамтылған, - деді Күлпаш Қалиасқарова. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы