Еліміз бойынша коронавирус жұқтырған 62 адам тіркелді

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирусқа шалдыққандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған сәйкес, 28 сәуірде 62 адам коронавирус жұқтырған. Алты адам пневмнонияға шалдықты.

Одан бір күн бұрын - 61, ал оның алдыңғы күні - 66 қазақстандық аталмыш індетпен ауырған еді.

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 29 сәуірдегі ақпарат  бойынша 1 252 адам коронавирус инфекциясынан (–1 097+ және 155 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 155 пациент стационарда, 1 097 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

 1 адамның жағдайы ауыр, 

0 пациенттің жағдайы өте ауыр, 

0 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ
Өзгелердің жаңалығы