Еліміз бойынша 3 млн 800 мың бала мектепте оқиды

Елімізде 7849 мектепте 3 млн 800 мың бала білім алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты.

Мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі – балаларды қорғау мен қолдау. Қазіргі таңда елімізде балалар саны – 6 млн 900-ды құрап отыр. Ресми болжамға сүйене отырып, 2027 жылға дейін 8 миллионға жеткізу жоспарланып отырғанын айтты комитет төрағасы.

Елімізде 7849 мектепте 3 млн 800 мың бала білім алады. Осы саладағы негізгі мәселе орын тапшылығы, үш ауысымдылық және апаттық жағдай болып отыр. Оны шешу үшін "Жайлы мектеп" жобасы іске асырылуда. Бұл шаралар балалардың сапалы білім алып, құқығын қамтамасыз етуге бағытталған,-деді төраға.

Министрліктің келесі маңызды бағыты – колледж студенттерінің сапалы білім алуы. Қазіргі таңда колледж студенттерінің 80%-ы тегін білім алады, ал 2025 жылға дейін ол 100%-ға жететінін мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы