Еліміз ажырасу бойынша екінші орында тұрғаны жайлы ақпарат жалған

Ажырасу бойынша Қазақстанның әлемде екінші орында тұрғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросы осындай мәлімдеме жасады.

Ажырасу коэффициенті 4.6 тең Қазақстан Мальдив аралдарынан кейін екінші орында тұрғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл жалған деректің негізгі көзі https://worldpopulationreview.com/ сайтындағы мақала болған. 2022 жылдың қорытындысы бойынша елімізде ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,27 құраған. 2020, 2021 жылдармен салыстырғанда коэффициенттің төмендеуі байқалады – тиісінше 2,56 және 2,54. 2023 жылдың қорытынды деректері алдағы сәуір айында жарияланады, - делінген хабарламада.

Бюро мақала авторларына әлемдік ресурста қате берілген деректер бойынша хат жолдады. Сондай-ақ Бюро ресми дереккөздерге сілтеме жасауды және таратылатын деректерді алдын ала тексеріп отыруды ескертеді. 

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде еліміз бойынша ажырасқандар саны көбейіп, екінші орынға шыққаны туралы ақпарат тараған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы