Еліміз аяқ киімдерді жаппай таңбалауға дайын

Соңғы аптада Алматы базарларындағы кем дегенде 200 көтерме саудагер елге әкелінген тауар көлемін көрсету мақсатында жүйеге тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Біз бірнеше апта бойы ірі базарларды араладық. Сауда орындарының әкімшілігімен және иелерімен кездесулер барысында біздің сарапшылар таңбалау үрдісі және бизнесүшін ең аз болатын ықтимал шығындар туралы айтты. Бұл тұтынушылардың шығындарына әсер етпеуі керек. Ең бастысы, адамдар мұны не үшін және қалай жасау керектігін түсінеді. Біз бұл процестің операторлары ретінде барлық кәсіпкерлерге көмек көрсетуге дайынбыз, – деді Цифрлық экономиканы дамыту орталығының менеджері Назгүл Тұрашева.

Айта кетерлігі, түрлі есептеулер бойынша, қазақстандық базарлар еліміздегі аяқ киімге деген жалпы сұраныстың 50 пайызын қамтамасыз етеді. Бірыңғай оператор қызметкерлері бизнес субъектілеріне таңбалау мәселелері бойынша практикалық көмек көрсету және Бірыңғай оператордың таңбалау жүйесінде жұмыс істеу үшін өңірлерге тұрақты түрде барып тұрады.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда аяқ киімнің көлеңкелі айналымы 48 пайызға жетеді. Өнімді таңбалау жүйесінің көмегімен алдағы жылдары бұл көрсеткішті кем дегенде екі есеге азайту жоспарлануда.

Біздің міндетіміз – бизнесті мүмкіндігінше таңбалау үрдісіне тарту және оларды 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін қалдықтарды таңбалауға дайындау, одан кейін бизнесті тексеруге қойылған мораторий аяқталады, - дейді Цифрлық экономиканы дамыту орталығының жоба менеджері Назгүл Тұрашева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Цифрлық экономиканы дамыту орталығы
Өзгелердің жаңалығы