Еліміз алғаш рет пара үстел теннисінен паралимпиада лицензиясын жеңіп алды

Пара үстел теннисінен 8-ші санатта өнер көрсететін қазақстандық спортшы Али Махулбеков XVII жазғы Паралимпиадаға жолдама жеңіп алды.

Али Махулбеков – пара үстел теннисінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл – Паралимпиададан ел қоржынындағы 13-лицензия. Бұған дейін, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, пара жүзуден үш жолдама, пара таэквондодан Нұрлан Домбаев, Камиля Досмалова, Нышан Өмірәлі және пара каноэдан Спатай Бибарыс пен Жаныл Балтабаева жолдама жеңіп алған болатын.

Айта кетсек, XVII жазғы Паралимпиада 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Франция астанасы Парижде өтеді. Жарыс спорттың 23 түрінен ұйымдастырылады. Лицензиялық жарыстар әлі жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы