Елімідің оқушылары Балқан түбегіндегі ең мықты жас математиктердің үштігіне кірді

Болгарияның Варна қаласында математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) аяқталды. Оған 22 елден 130-дан астам оқушы қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, білім додасында біздің оқушыларымыз жалпы командалық үшінші орынды жеңіп алды.

Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 2 күміс және 3 қола бар. Жан Даутов — Қостанай қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы; Әмірлан Аманжолов — Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы; Мирон Юркевич — Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы; Марғұлан Шарел — Тараз қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы; Тимур Мұрат — Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы; Әмір Сахипов – Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы.

Жетекшілері - PhD докторы, профессор, KBTU-нің академиялық сұрақтар жөніндегі проректоры Асылбек Исахов және математикадан республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Қанат Сатылханов.

Айта кетсек, Қазақстан құрама командасының математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысуы - биылғы жылдың 11-24 шілде аралығында Ұлыбританияда өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау болып табылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Өзгелердің жаңалығы