Елге қызмет – абыройлы міндет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО Полиция департаментінде Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты мерекелік жиын атап өтілді.
Атаулы датаға байланысты департаменттің абыройлы қызметі үшін қызметкерлерге Ішкі істер министрі мен БҚО ПД бастығы атынан марапатталды.
Аталмыш шара қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тауып,өз өмірін құрбан еткен Ішкі істер органдары қызметкерлерінің мемориалына гүл шоқтарын қоюдан және олардың құрметіне бір минут үнсіздік жариялап,еске алумен басталды.
Тәуелсіздік алғалы бері БҚО-да 34 полиция қызметкері ерлікпен қаза тапты. Олардың нағыз патриоттық пен батылдық жолындағы ерен еңбегі біздің мәңгілік жадымызда сақталып қала бермек. Антына адал әрі берік болған батырларымыз азаматтарымыздың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігі үшін өз жандарын шүберекке түйіп, құрбандық жолында жанын пида етті. Бұл бәрімізге үлгі болып қалады,- деді БҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов.
Мерекелік шараға, қылмысқа қарсы күреске елеулі үлес қосқан ІІО ардагерлері де қатысты. ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Жайлыбай Адаев шараға қатысқан барша полицейлерді мерекемен құттықтап, қиын да әрі қауіпті, қызығы мен шыжығы қатар жүретін мамандық иелеріне сәттілік тіледі. Полиция генерал - майоры Махсудхан Аблазимов ҚР ІІМ және жеке өзінің атынан елге адал қызметі үшін БҚО ПД жеке құрамын құттықтап, алғысын білдірді.
Қоғамдық қауіпсіздікті сақтап, ел тыныштығын қамтамасыз етуде өз үлесін қосқан 22 полиция қызметкерлеріне Ішкі істер министрлігі атынан түрлі көтермелеулер алды. Сондай-ақ, 148 полиция қызметкері Департамент басшылығының наградаларына ие болды. Айбынды қызметі үшін БҚО ПД 4 қызметкері мерзімінен бұрын атаққа ие болып,марапатталды.