Елеусіновтің жекпе-жегі кейінге қалдырылды
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) украиналық Александр Усиктің (16-0, 12 КО) андеркартында франциялық Карлос Такамаға (36-5-1, 28 КО) қарсы жекпе-жегін өткізбейтін болды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Бастапқыда 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Мэрилэнд штатының Оксон-Хилл қаласында жұдырықтасуы керек болатын.
Қазақстандық боксшының менеджері Зия Әлиевтің сөзінше, Елеусіновтің жекпе-жегін Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен Стив Роллс (19-0, 10 КО) жекпе-жегінің андеркартына кіргізу туралы шешім қабылданды.
"25 мамырдың орнына 8 маусымда Головкиннің кешінде жұдырықтасуды шештік. 10 раунд. Қарсыласты қарастырып жатырмыз", - деді Әлиев.
Еске салайық, Головкин - Роллс жекпе-жегі 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бокс кешінің басты оқиғасы болады. Бұл бокс кешінде жеңілмеген қазақстандық Әли Ахмедов (14-0, 10 КО) те жұдырықтасады. Оның ісін GGG Promotions компаниясы жүргізеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Венесуэлада ұшақ апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы