Елена Рыбакинаның жаттығуын көрген жанкүйерлері жылы лебіздерін аямады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Нью-Йорк кортында алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір спортшыда теннистен АҚШ-тың ашық чемпионатына дайындалып жатыр. 

Оның Instagram-ға жүктеген видеосының  астында жанкүйерлері мен оқырмандары көптеген жылы лебіздерін қалдырып, қолдау білдірген екен. 

Үлкен теннис шебері қазақстандық теннисшілер арасында тұңғыш рет жекелей сында «Үлкен дулыға» додасының жеңімпазы атанды.

Еске салайық, Рыбакина Уимблдонда әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен бас жүлдені сарапқа салған еді. 1 сағатқа созылған кездесуде жерлесіміз үш сетте 3:6, 6:2, 6:2 жалпы есебімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Мәдениет және спорт министрлігінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы Елена Андреевна Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Instagram/lenarybakina
Өзгелердің жаңалығы