Елена Рыбакинаның US Open турниріндегі келесі қарсыласы белгілі болды
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның US Open турнирінің екінші айналымындағы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елена Рыбакина US Open турнирінің екінші айналымында әлемнің 127-ракеткасы, аустралиялық теннисші Айла Томляновичпен ойнайды. Ол бірінші кезеңде венгриялық теннисші Панна Удвардиді жеңді.
Қазақстандық және аустралиялық теннисшілердің матчы 30 тамызға жоспарланған.
Айта кетейік, Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Брюссельде 2025 жылғы соңғы ЕО саммиті өтіп жатыр
Өзгелердің жаңалығы