18 Қараша 2026, 08:32 Фото: instagram.com/lenarybakina

Елена Рыбакина жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтады

Қазақстандық спортшы маусымды 8099 ұпаймен аяқтап, мансабында алғаш рет жылдық рейтингте бірінші орынға шықты.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша әлемдік рейтингтің көшбасшысы атанды. WTA оны жыл соңындағы әлемнің бірінші ракеткасы деп ресми түрде таныды.

Рыбакина биыл «Үлкен дулыға» санатындағы екі турнирде – Australian Open және US Open жарыстарында жеңіске жеткен.

Қазақстандық спортшы маусымды 8099 ұпаймен аяқтап, мансабында алғаш рет жылдық рейтингте бірінші орынға шықты.