26 Қазан 2026, 14:49 Фото: instagram.com/lenarybakina

Елена Рыбакина WTA турнирлеріндегі жеңістер саны бойынша маусым көшбасшысы атанды

Қазақстанның үздік теннисшісі осы маусымда WTA турнирлерінде ең көп жеңіске жеткен спортшы атанды.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымдағы 53-ші жеңісіне қол жеткізіп, WTA турында бұл көрсеткіш бойынша жеке-дара көш бастады.

25 қазанда қазақстандық спортшы Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирдің финалында канадалық Лейла Фернандесті 6:2, 6:2 есебімен жеңген болатын.

Бұл жеңіс Рыбакинаға маусымдағы жеңістер саны бойынша бірінші орынға шығуға мүмкіндік берді. Қазір ресейлік Мирра Андреева мен америкалық Джессика Пегуланың еншісінде 50 жеңістен бар.

Нинбодағы чемпиондық атақ қазақстандық теннисші үшін биылғы маусымдағы төртінші титул болды. Бұл көрсеткіш бойынша да оның қарсыластарының ешқайсысы мұндай нәтижеге қол жеткізген жоқ.

Айта кетейік, Рыбакина бұған дейін 2026 жылы Аустралия ашық чемпионатында, Штутгарттағы турнирде және АҚШ ашық чемпионатында топ жарған.

Осылайша, Қазақстанның бірінші ракеткасының кәсіби мансабындағы WTA турнирлерінде жеңіп алған титулдарының саны 15-ке жетті.

Нинбодағы жарыстан кейін Елена Жапонияның Токио қаласына аттанды. Алдағы күндері ол мұнда WTA 500 санатындағы турнирге қатысады.