8 Қараша 2026, 08:50 Фото: instagram.com/lenarybakina

Елена Рыбакина WTA қорытынды турниріне қатыспайтын болды

Рыбакина былтыр Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турнирінде жеңімпаз атанған болатын.

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина денсаулығына байланысты АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін WTA қорытынды турниріне қатыспайтын болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Спортшы әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде биылғы маусым сәтті өткенін, алайда қазіргі физикалық жағдайы жарысқа қатысуға мүмкіндік бермейтінін айтты. Енді ол демалып, қалпына келуге және 2027 жылғы маусымға дайындалуға ниетті.

Рыбакина былтыр Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турнирінде жеңімпаз атанған болатын. Биылғы маусымды қазақстандық теннисші 54 жеңіс пен 14 жеңіліс нәтижесімен аяқтап, төрт турнирдің чемпионы атанды. Оның ішінде Australian Open, US Open, Штутгарт және Нинбо жарыстары бар.

Айта кетейік, Рыбакинаның орнына турнирдің негізгі кезеңіне украиналық Марта Костюк қосылды.