31 Тамыз 2026, 01:30
Фото: instagram.com/lenarybakina
Елена Рыбакина WTA-ның live-рейтингінде бірінші орынға көтерілді
WTA-ның ресми рейтингінде Соболенко бірінші орында қалып отыр, ал Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы саналады.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA-ның нақты уақыттағы live-рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Қазіргі есеп бойынша оның еншісінде 7 911 ұпай бар.
Екінші орынға түскен Беларусь өкілі Арина Соболенконың еншісінде 6 585 ұпай. Үздік үштікті 6 495 ұпаймен америкалық Джессика Пегула түйіндейді.
Live-рейтинг турнирлер барысында ұпайлардың өзгеруін нақты уақыт режимінде есептейтіндіктен, бұл әзірге ресми әлемдік рейтинг емес.
WTA-ның ресми рейтингінде Соболенко бірінші орында қалып отыр, ал Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы саналады.
US Open қорытындысы рейтингтегі жағдайға тікелей әсер етеді: Рыбакина турнирде 230 ұпайын, ал былтырғы чемпион Соболенко 1 990 ұпайын қорғауы керек.