Елена Рыбакина WTA Finals турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA №6) WTA финалдық турниріндегі алғашқы ойынында америкалық Аманда Анисимованы (WTA №4) 57 минутта 6:3, 6:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл – теннисшілердің WTA аясындағы алғашқы кездесуі. Топтағы екінші матчта Ига Швёнтек америкалық Мэдисон Кизді 6:1, 6:2 есебімен ұтты.

Топтан плей-офф кезеңіне екі спортшы шығады. Келесі турда Рыбакина Кизбен, ал Швёнтек Анисимовамен кездеседі. Ойындар 3 қарашада өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/lenarybakina
Өзгелердің жаңалығы