6 Қыркүйек 2026, 11:13 Фото: instagram.com/lenarybakina

Елена Рыбакина US Open турнирінің төртінші айналымына шықты

Елена Рыбакина US Open турнирінің төртінші айналымына шықты

Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінде қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізіп, жарыстың төртінші айналымына шықты. Әлемнің екінші ракеткасы келесі кезеңге жолдама үшін өткен кездесуде әлемдік рейтингте 58-орында тұрған украиналық Юлия Стародубцеваны жеңді.

Хард төсенішіндегі кездесу Рыбакинаның пайдасына екі сетте – 7:6 (8:6), 6:3 есебімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 53 минут өткізді.

Матч барысында қазақстандық спортшы 12 эйс жасап, бір рет қос қателікке жол берді және 13 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Келесі айналымда Рыбакина әлемдік рейтингте 13-орында тұрған жапониялық Наоми Осакамен кездеседі. Бұл матчта жеңіске жеткен теннисші маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына шығады.

US Open – теннис маусымындағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирі. Жарыс ерлер мен әйелдер арасында жекелей және жұптық сында, сондай-ақ аралас жұптар арасында өтеді.