Елена Рыбакина US Open турнирін жеңіспен бастады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы АҚШ ашық чемпионатын (US Open) жеңіспен бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 39-орында тұрған украиналық Марта Костюкке қарсылас болды.
Бірінші партияда Рыбакина 2:0 есебімен алға шықты. Бұдан кейін Костюк есепті қысқартты, алайда қазақстандық спортшы сетті тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2. Екінші сетте Елена қарқынын тіпті үдетті – 6:1,.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 2 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жібермеді. Қарсыласы 4 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті, - делінген теннис федерациясының хабарламасында
Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 122-ракеткасы, венгриялық Панна Удварди немесе рейтингте 127-сатыдағы аустралиялық Айла Томляновичтің бірімен кездеседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы