Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турнирін жеңіспен бастады
Сонымен қатар, Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Рыбакинаны тарихи жетістігімен құттықтады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турнирінің алғашқы айналымын сәтті еңсерді, деп хабарлады Sports.kz.
Рыбакина жарыстың алғашқы кездесуінде әлемдік рейтингте 154-орында тұрған франциялық Лоис Бойссонды үш сет қорытындысы бойынша 6:4, 1:6, 6:3 есебімен жеңіп, екінші айналымға жолдама алды.
Айта кетейік, Елена Рыбакина 2022 жылы Уимблдон турнирінің чемпионы атанған болатын. Ал өткен жылғы жарыста қазақстандық теннисші үшінші айналымда жарыс жолынан шығып қалған еді.
Биылғы Уимблдонның жалпы жүлде қоры 74,3 миллион еуродан асады. Турнир жеңімпазы 4,16 миллион еуро сыйақы мен 2000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Сонымен қатар, Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Рыбакинаны тарихи жетістігімен құттықтады. Франциялық Лоис Бойссонды жеңгеннен кейін қазақстандық теннисші WTA деңгейіндегі турнирлердегі 300-ші жеңісіне қол жеткізді.
Осыған орай WTA ұйымы өзінің ресми парақшаларында Елена Рыбакинаға арнайы құттықтау жариялады.