10 Тамыз 2026, 08:30 Фото: instagram.com/lenarybakina

Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

Матч 2 сағат 55 минутқа созылды.

Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонтода өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы мәлім етті.

1/8 финалда әлемдік рейтингте 55-орында тұрған ресейлік Людмила Самсоновамен кездескен қазақстандық теннисші үш сет қорытындысы бойынша 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Матч 2 сағат 55 минутқа созылды. Рыбакина 11 эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді. Ол жеті брейк-пойнтты жүзеге асырды.

Ширек финалда Рыбакинаның қарсыласы канадалық Лейла Фернандес пен жапондық Наоми Осака арасындағы матчтың жеңімпазы болады.