Бүгiн 2026, 15:51 Фото: ҰОК

Елена Рыбакина тартысты матчтан кейін жартылай финалға өтті

WTA санатындағы турнир 13–19 сәуір аралығында өтуде.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Штутгартта өтіп жатқан беделді Porsche Tennis Grand Prix турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports24.kz сайтына сілтеме жасап.

Ширек финалда қазақстандық теннисші Лейла Фернандеспен тартысты матч өткізді. Кездесу өте шиеленісті өтті: алғашқы сетті тай-брейкте ұтылып қалған Рыбакина ойынның бағытын өзгертіп, үш сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті — 6:7, 6:4, 7:5.

Бұл матч қазақстандық спортшы үшін оңай болған жоқ. Соған қарамастан ол мінез көрсетіп, кездесуді өз пайдасына аяқтады.

13–19 сәуір аралығында өтіп жатқан WTA санатындағы турнирде жартылай финалға шығуы Рыбакинаның чемпиондыққа үміткерлер қатарындағы орнын нығайта түсті.