Елена Рыбакина Страсбургте топ жарды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 12-орында) Францияның Страсбург қаласында өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Финалда отандасымыз ресейлік Людмила Самсоновамен (19-орын) кездесіп, үш сетте 6:1, 6:7, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Екі сағат минутқа 33 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Елена 14 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Самсонова 1 эйс, 2 брейктен (8 брейк-пойнт) аса алмады.

Осылайша, биылғы маусымда алғашқы титулына қол жеткізген Елена142 610 еуро табысқа қоса 500 рейтингілік ұпайға ие болды.

Рыбакина Страсбургте 2020 жылы финалда украиналық Элина Свитолинаға 4:6, 6:1, 2:6 есебімен есе жіберген еді. Содан соң Елена бұл қалада өнер көрсетпеген болатын.

Қазіргі таңда қазақстандық теннисшінің WTA деңгейіндегі 9 титулы бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Alcoba Beitia/Getty Images
Өзгелердің жаңалығы