Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына жете алмады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионаты – «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына бір қадам жетпей тоқтады. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төртінші айналымда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, турнирдің қазіргі жеңімпазы – поляк теннисшісі Ига Швёнтекпен (WTA рейтингінде 1-орын) кездесіп, үш сетке созылған тартысты матчта жеңіліп қалды (6:1, 3:6, 5:7).

Елена алғашқы сетте сенімді басымдықпен жеңіске жеткенімен, кейінгі екі сетте қарсыласына жол берді. Осылайша, ол ширек финалға өте алмады.

Еске сала кетейік, «Ролан Гаррос» турнирі биыл 25 мамыр мен 7 маусым аралығында Парижде өтіп жатыр. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 56 352 000 еуро, ал жалғыз чемпионға 2 550 000 еуро және 2000 рейтингтік ұпай беріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы