Елена Рыбакина неліктен Олимпиадаға қатысудан бас тартқаны белгілі болды
Теннистен ұлттық құраманың көшбасшысы Елена Рыбакина Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына неліктен қатыса алмайтыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Туризм және спорт министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, спортшы денсаулық жағдайына байланысты олимпиадаға қатыспайды.
Теннисшіге жіті бронхит деген диагноз қойылғандықтан дәрігерлер оған кортқа шығуға ғана емес, жарысқа ұшып баруға үзілді-кесілді тыйым салған.
Рыбакина жарысқа белсенді түрде дайындалып, Олимпиадада жоғары деңгейде ойын көрсетемін деп үміттенгенімен, сырқатына байланысты ол мүмкін болмай отыр.
Спортшыға жылдам сауығып кетуін тілейміз. Біз оның күшіне сенеміз және жаттығу мен жарыстарға оралуын күтеміз, - деді ведомстводан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үш жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Келесі жаңалық
Түркістан облысында сексеуіл тұқымын себу науқаны басталды
Өзгелердің жаңалығы