Елена Рыбакина Монреальдағы ірі турнирдің жартылай финалында ұтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласындағы ірі турнирдің финалына шыға алмады деп жазады Olympic.kz.

Ол жұптық сында ресейлік Вероника Кудерметовамен бірлесіп, Габриэла Дабровски /Луиза Стефани жұбына есе жіберді. 

1 сағат 2 минутқа созылған матчта қарсыластар 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы