Бүгiн 2026, 11:46
Фото: ҰОК
Елена Рыбакина Miami Open турнирінің төртінші айналымына шықты
Қазақстан құрамасының өкілі Марта Костюкты жеңді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open турнирінің төртінші айналымына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үшінші айналымдағы кездесуде әлемнің екінші ракеткасы екі сетте WTA рейтингінде 27-орында тұрған украиналық теннисші Марта Костюкты жеңді.
Матч Рыбакинаның 6:3, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды. Қазақстандық спортшы өз доп беруінде сенімді ойнап, шешуші брейк-пойнттарды сәтті пайдалана білді. Бұл оған екі партияда да басымдыққа ие болып, жеңіске жетуге мүмкіндік берді.
Майамидегі турнирдің ширек финалына жолдама үшін Елена әлемдік WTA рейтингінде 68-орында тұрған Аустралия өкілі Талия Гибсонмен кездеседі.