27 Наурыз 2024 2024, 11:45 Фото: vesti.kz

Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің жартылай финалына шықты

Теннистен Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде қазақстандық Елена Рыбакина жартылай финалға өтті,деп хабарлайды BAQ.KZ.

Теннистен Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде қазақстандық Елена Рыбакина жартылай финалға өтті,деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ширек финалда Елена әлемнің 8-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен кездесті.

Тартысты матчта қазақстандық теннисші 7:5, 6:7, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Турнирдің жартылай финалында Елена Рыбакина белоруссиялық Виктория Азаренкомен жолығады.