Елена Рыбакина Мадридтегі теннис турнирін жеңіспен бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Мадрид WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Е.Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 78-орында тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен кездесті. Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басымдылық көрсетті. Ал екінші сетте қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Бәсеке 1 сағаттан сәл астам уақытқа созылды.
Е.Рыбакина жүлде қоры 2,5 млн еуродан асатын жарыстың екінші айналымында әлемнің 16-ыншы, осы доданың 13-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен шеберлік байқасады. Ол бастапқы кездесуінде рейтингте 44-сатыдағы қытайлық Чжан Шуайды 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Мадрид турнирі 8 мамырда мәреге жетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Мадрид турнирінде жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы жаңа агенттік құруды ұсынды
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы