Кеше 2026, 21:50 Фото: instagram.com/lenarybakina

Елена Рыбакина Лондондағы турнирдің ширек финалына шықты

Жартылай финал жолдамасы үшін Рыбакина Ұлыбритания өкілі Кэти Бултермен кездеседі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы, Елена Рыбакина Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Үшінші айналымда қазақстандық теннисші Германия өкілі Татьяна Мариямен кездесті.

Тартысты өткен матчтың алғашқы сетінде қарсыласы тай-брейкте басым түсті. Дегенмен Рыбакина кейінгі екі партияда ойын тізгінін өз қолына алып, кездесуді жеңіспен аяқтады. Матч 6:7 (5:7), 7:5, 6:0 есебімен аяқталды.

Осылайша қазақстандық теннисші турнирдің ширек финалына шықты.

Жартылай финал жолдамасы үшін Рыбакина Ұлыбритания өкілі Кэти Бултермен кездеседі.