Елена Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тағы Индиан-Уэллсте WTA-1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ширек финалда Қазақстан спортшысы әлемнің 76-шы ракеткасы чех Каролина Мухованы 7:6 (7:4), 2:6, 6:4 есебімен жеңді.
Екі сағат 46 минутқа созылған тартысты матч барысында қазақстандық спортшы 6 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 1 эйс, 3 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.
Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингте 83-сатыдағы румыниялық Сорана Кырстяның біреуімен таласады.
Биыл турнирдің жүлде қоры – 8 800 000 доллар. Жеңімпаз 1 262 220 доллар алады және 1000 рейтингтік ұпай алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ОСК: Бүгін – сайлауалды үгіттің соңғы күні
Өзгелердің жаңалығы