Елена Рыбакина Дохадағы турнирде жеңіске жетті

Елена Рыбакина Дохада өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы Qatar TotalEnergies Open турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Теннис федерациясы баспасөз қызметі мәліметінше, Елена Рыбакина қытайлық Ван Синьюйді 6:2, 6:4 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, әлемдік рейтингіде үшінші орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open–2026 турниріндегі жеңісінен кейін денсаулығына байланысты қиындықтар болғанын айтқан еді.

Айтуынша, елге қайтар жолда суық тиіп, бірнеше күн бойы толыққанды демалуға мәжбүр болған.

Бірнеше күн ештеңе істемей, тынықтым. Жол сөмкелерін жинастырып жүргенде уақыттың қалай өткенін де байқамай қалыппын. Қазір осындамын. Алдағы матчтарға жақсы импульс бар деп ойлаймын, – деді теннисші сұхбатында.

Қазіргі таңда Рыбакина Дохадағы жүлде қоры 4 миллион доллардан асатын ірі турнирге қатысып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ktf.kz / Қазақстан теннис федерациясы
Өзгелердің жаңалығы