Елена Рыбакина Чехияда өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымына өтті
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Францияның "Ролан Гаррос" ашық чемпионатында үшінші айналымда жол беріп қойған Мэдисон Кизбен тағы жүздесуге мүмкіндік алып, есесін қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина Чехияның Острава қаласында өткен жекелей сында дебют жасады, деп жазды sports.kz.
Әлемнің 17-ші ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизға қарсы матчтың үш сетінде де ол жеңіске жетті 5:7, 6:3, 6:3. Матч 2 сағат 11 минутқа созылды.
Кездесу барысында Рыбакина жеті эйс жасап, төртеуінде қателік жіберді. Сондай-ақ, ол сегіз гейм мен төрт ұпайды қатарынан жеңіп алды.
Бұған дейін Францияның "Ролан Гаррос" ашық чемпионатында қазақстандық теннисші үшінші айналымда осы Кизден жеңіліп қалған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде екі оқушыны қағып қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы