Елена Рыбакина Брисбен турнирінің финалына шықты
Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 40-орында тұрған 19 жастағы чехиялық Линда Носковамен шеберлік байқасты.
Осыған дейін қос теннисші былтыр Франция ашқ чемпионатында кездесіп, онда Елена 6:3, 6:3 есебімен жеңген еді.
Бұл жолы бірінші партияны қазақстандық спортшы қарқынды бастады — 3:0. Сол басымдылығынан сет біткенше айырылған жоқ — 6:3.
Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте Рыбакина брейкпен алға шықты. Содан кейін тағы бір брейк жасап, матчты жеңіспен түйіндеді — 6:2.
Бәсеке барысында Елена 8 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ.
Елена Рыбакина финалда қос белоруссиялық, әлемнің 2-ракеткасы Арина Соболенко немесе рейтингте 23-сатыдағы Виктория Азаренконың біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.