Елена Рыбакина Бейжің турнирінен күтпеген жерден шығып қалды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина, қазір әлемдік рейтингте 10-орында тұрған спортшы, Бейжіңде өтіп жатқан беделді WTA-1000 турнирінің үшінші айналымында жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports24.kz-ке сілтеме жасап.
Қиын өткен кездесуде ол әлемдік рейтингтің 66-сатысында тұрған неміс спортшысы Ева Лиске 3:6, 6:1, 4:6 есебімен жол берді.
Екінші сетте Рыбакина сенімді ойнап, есепті теңестіргенімен, шешуші партияда қарсыласы ойын тізгінін өз қолына алып, жеңісті жұлып әкетті.
Бейжің. Хард. 3-ші айналым
Елена Рыбакина (Қазақстан, №10) – Ева Лис (Германия, №66) – 3:6, 6:1, 4:6.
Енді Ева Лис 1/8 финалда америкалық Маккартни Кесслер мен чехиялық Барбора Крейчикова арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Күзгі суық ауырып қалмас үшін не істеу керек?
Өзгелердің жаңалығы