Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Елена Рыбакина алғашқы айналымда әлемдік рейтингте екінші орынға дейін көтерілген, қазір 145-сатыда тұрған ресейлік Вера Звонаревамен шеберлік байқасты.
Тәжірибелі Звонарева 36-да болса, Рыбакина 21 жаста ғана еді. Бірінші сетті Вера өз пайдасына жазды – 6:4. Екінші партияда Елена 3:0 есебімен алға кетті.
Ресейлік теннисші қайыра брейк жасап, есепті қысқартты. Дегенмен қазақстандық спортшы өз дегеніне жете алды – 6:4. Шешуші, үшінші сетте қазақстандық теннисші тағы да 3:1 есебімен алға шыққанымен, сол қарқынын жалғастыра алмады. Әйткенмен ол матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4. Тартысты матч 2 сағат 5 минутқа созылды.
Елена екінші айналымда әлемнің 46-ракеткасы, франциялық Фиона Ферромен кездеседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жарма ауданында соңғы үш жылда өнеркәсіп 29 есе өскен
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы